Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 50 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 50 миллионнан асты

09.11.2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 50 миллионнан асты. Олардың жартысына жуығы қос Америка елдеріне тиесілі. АҚШ-та ковидке 10 миллионнан астам адам шалдыққан. Бұл мемлекет инфекция жұқтыру және өлім-жітім көрсеткіші бойынша дүниежүзінде алғашқы орында. Төртінші күн қатарынан тәуліктік науқастар саны 100 мыңнан азаймай тұр. Президент сайлауына қатысты өтіп жатқан жаппай шаралар да жағдайды ушықтырып жатыр.

Үндістанда да індет қарқыны бәсеңдемей тұр. Күніне 45 мыңдай адамнан вирус анықталуда. Осы уақытқа дейін 127 мыңдай адам қайтыс болып, жалпы науқастар саны 8,5 миллионнан асты. Мамандар алдағы айларда жағдай бұдан да қиындауы ықтимал дейді. Қауіпсіздік шараларының сақталмауы мен ірі қалалардағы ауаның ластануы сияқты факторлар ковидтің таралуын жылдамдатуы мүмкін.

Жансая Қапасқызы

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу