Шымкентте Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті

30.08.2024

 «Ұлы дала шежіресі – Ата Заң». Елдігімізге тұғыр болған Конституцияның қабылданған күніне орай Шымкент қаласында салтанатты жиын өтті. Шарада азаматтардың еркіндігі мен қоғам дамуына кепіл болған бас құжаттың негіздері ұлықталды.

Ғабит Сыздықбеков, қала әкімі:

Халық билігі, теңдік, бірлік, заң үстемдігі сияқты құндылықтар еліміздің болашақ дамуының бағыттарын нақтылап берді. Конституцияда белгіленген адам құқықтары мен бостандықтары, саяси, экономикалық-әлеуметтік құрылым қағидаттары әділетті қоғамның берік іргетасына айналды.

Шымкент бүгінде еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан аймақ саналады. Республикадағы дербес қала мәртебесіне ие болған 6 жылдың ішінде өңірлік өнім көлемі жыл сайын 4 пайызға өсіп келеді. Өндіріс пен кәсіпкерлік қарқынмен дамып, елдің әлеуметтік жағдайы мейілінше жақсарды.

Конституция елдің тұтастығынына да негізі болып отыр. Әсіресе нығайып келе жатқан заң үстемдігі мегаполис халқының бойында келешекке, қоғамның дамуына деген берік сенім орнатты.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу