Мәжілісте Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті

15.12.2017

Төменгі палата спикері Елбасының Жарлығымен депутаттар мен аппарат қызметкерлеріне  мемлекеттік наградаларды табыс етті. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Елбасымыз негізін қалаған Тәуелсіздікті сақтау жолында қызмет ету –  біз үшін үлкен абырой. Себебі, Тәуелсіздіктің арқасында біз бүгінде бүкіл әлемге танымал ел болдық», деді. Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин бүгінгі жеткен жетістік, толайым табыс Президенттің салиқалы саясатының және біздің халқымыздың ерен ерліктерінің арқасында деді. Қазіргі таңда жаһан жұртының алдында Қазақстанның атақ абыройы жоғары, сондықтан да, Тәуелсіздікті бағалай біліп, Елбасы жүктеген міндеттерді жоғары дәрежеде атқаруымыз қажет екеніне тоқталды Мәжіліс спикері.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу