Елордада Тәуелсіздік күніне орай дәстүрлі салтанатты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Тәуелсіздік күніне орай дәстүрлі салтанатты жиын өтті

18.12.2016
Өткенімізге көз жіберіп, келешекке жоспар құрған жиында айтылған ойлар жайында «Apta.kz»-тен біліңіз.

Қазақтың азаттығына – 25 жыл. Ұлы мерекені тұтас ел ұлықтады. Қасиетті жұма күні Елордада Тәуелсіздік күніне орай дәстүрлі салтанатты жиын өтті. «Бұл күн өз тағдырымызға өзіміз қожалық етіп, өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен ұлы күн», екенін еске салды Елбасы. «Тарихи әділет салтанат құрып, азаттық үшін төгілген өлшеусіз қанның өтеуі қайтқан ұмытылмас күн», деп және қосты Президент.

Қалың елді қасиетті мерекемен құттықтаған Мемлекет басшысы қазіргідей аумалы-төкпелі кезеңнің бізге де оңай болмасын меңзеді. Елордада өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салатанатты шарада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің егемендік алған күннен бастап осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктерін саралап, мемлекеттің болашақ жоспарымен бөлісті.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу