Алматы облысында Алғыс айту күніне орай салтанатты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында Алғыс айту күніне орай салтанатты жиын өтті

02.03.2016
Алматы облысында Алғыс айту күніне орай салтанатты жиын өтті
«Қазақ халқына мың алғыс» монументі корей этносы өкілдерінің жергілікті тұрғындарға деген шексіз ризашылық белгісі ретінде осыдан 4 жыл бұрын тұрғызылған.

Алматы облысында «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында алғыс айту күніне орай салтанатты жиын өтті. Бұл ескерткішті корей этносы өкілдерінің жергілікті тұрғындарға деген шексіз ризашылық белгісі ретінде осыдан 4 жыл бұрын тұрғызған.

Себебі, 1937 жылы Жетісу өңіріне жүздеген корей отбасы көшірілген болатын. Қарашаның қақаған қара суығында үйсіз-күйсіз халықты Қазақ елі бауырына басты.

Баспанасын да, дастарханын да бөлісті. Қазақ халқының дархан пейілінің арқасында аман қалып, ұрпақ өрбітіп отырған олардың әрқайсысының айтар алғысы шексіз.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу