Алматыда жаңадан 3 жатақхана ашылды. Демек биыл 980 студент жаңа ғимаратқа орналасады. Бұл жатақханалар жеке инвестиция есебінен салынған.
Студенттер үйінде тұрмысқа қажеттінің бәрі бар. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жасақталған. Корпуста студенттерге арналған коворкинг аймағы, асхана және конференция залы қарастырылған.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, жыл аяғына дейін жалпы саны 5025 орындық 10 нысан іске қосу жоспары бар.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Шын мәнінде студенттер саны да өсіп келе жатыр, инфрақұрылым басым бағыт. 27 мың төсек орын тапшылығымен бастадық екі жыл бұрын, 8 мың төсек орны қалыптасты. 17 үлкен обьеткінің тапсырамыз бүгін, 10 мыңнан астам орынды тапсырамыз. Оның ішінде Алматы қаласы 4 мың. Бізді қуантатыны жеке меншік секторлар қосылып жатыр.
Әзиз Қажденбек, қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы:
Алматылықтар үшін студенттік жатақхананың көп болуы маңызды. Себебі, еліміз бойынша қаламызда жоғары оқу орындары көп, өңірлерден келетін студенттер саны жыл сайын артып келеді. Алматыға білім іздеп келгендерге қазір барлық жағдай жасалуда. Олар үлкен қалада өздерін жайлы, үйлеріндегідей сезінуі керек.