Алматыда 300 орындық жаңа жатақхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 300 орындық жаңа жатақхана ашылды

28.08.2023

Алматыда 300 орындық жаңа жатақхана ашылды. Шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәжіліс депутаттары мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Ғимараттың ішкі сәулеті шетелдік көшбасшы университеттердің дизайны негізінде жасалған. Төрт қабатты жатақханада асхана, демалыс бөлмелері, тұрмыстық бөлме, әр қабатта оқу залдары бар. Әр секцияға тоңазытқыш, жуынатын орын мен жиһаздар қойылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау орнатылған.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Жылдың соңына дейін 32 жатақхана беріледі. 12 000 төсек-орынға. Жыл сайын біз кемінде 10 000 төсек-орынды енгіземіз. Биыл 12 000 мыңды көздеп отырмыз. Біздің мақсатымыз, арманымыз келесі 3-5 жылда толыққанды осы мәселені шешу.

Жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығы

Министр университет жатақханаларының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді. Мұқтаж отбасынан шыққан жастарға жатақхана мен хостелден орын беру, құрылыс жүріп жатқан нысандарда жұмыстарды тезірек аяқтау жайы айтылды. Жалпы қаладағы студентер жатақханасында әлі де 12 мыңға жуық орын тапшылығы бар.


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу