Талдықорғанда студенттерге арналған 2 жатақхана пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда студенттерге арналған 2 жатақхана пайдалануға берілді

07.12.2020

Талдықорғанда Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында студенттерге арналған 2 жатақхана пайдалануға берілді. 200 орындық студенттер үйі политехникалық колледж шәкірттері қоныстанса, тағы бір 280 орындық шаңыраққа жоғары медициналық колледж тәлімгерлері орналасты. Сондай-ақ 50 орындық үшінші жатақхана Қаратал ауданына қарасты Бастөбе ауылында бой көтерді. Бұл ғимараттарда жастарға барлық қолайлы жағдай жасалған. Егер бұрындары бір бөлмеде бес алты адамнан тұратын болса, қазіргі талаппен әр бөлемеде екі немесе үш студенттен ғана. Әр екі бөлмеге ортақ ас үй, жуынатын кір жуатын бөлмелерге дейін бар. Демалыс және оқу-дайындық бөлмелері қарастырылған. Облыс бойынша студенттерді жатақханамен қамтуға 4,4 млрд теңге бөлініп отыр. 

Ұлар Сауыт, жоғары медициналық колледж студенті:
Осындай жатақхана салып берген ел ағаларына алғысымызды айтамыз. Бізге тек қана жақсы оқу, болашақта өзіміздің антымызға адал болу, білікті де білімді маман болып, халқымызға адал еңбек ету ғана қалады. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу