Алматыда үш жатақхананың құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үш жатақхананың құрылысы басталды

15.12.2023

Алматыда үш жатақхананың құрылысы басталды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде салынатын 9 қабаттық нысандардың әрқайсысы 1060 орындық, ал жалпы 3180 орынға шақталған. Үш жатақхананың жалпы ауданы 50 мың шаршы метрге жуық. Ғимараттарды салуға 1 гектардан аса жер бөлінген.

Айта кетейік, қазір университет аумағында 15 жатақхана бар. Онда оқу ордасының 6 мыңға жуық студенті тұрады.

Жансейіт Түймебаев, ҚАЗҰУ басқарма төрағасы:

Жатақхана құрылысын мінеки, бүгін бастап отырмыз. Құрылыс компаниясы жедел түрде, қарқынды түрде саламыз деп уәде беріп отыр. Келесі жылдың қараша айында бітіреміз деп уәде беріп отыр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу