Мемлекет басшысы алға қойған міндет мерзімінде орындалуы тиіс. Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге тұрғын үй салу және сатып алу мәселелері қаралды. Тасқыннан кейін жөнделуі тиіс 9 189 нысанның бүгінде 97% дайын. Үкімет сатып алуы тиіс 6081 үй мен пәтердің 81%-мен келісімшарт бар. Олжас Бектенов осы бағытта жұмыстар белсенді жүргізілгенімен, бекітілген кестелерде кешеуілдеу бар екенін айтты.
Мәселен, Ақтөбе облысында 8 білім ордасында күрделі және жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атырау облысындағы 6 нысанда жөндеу жұмыстары 50%-ға аяқталған. Президент жүктеген міндет мінсіз орындалуы керек,-деді Үкімет басшысы.
Қаракөз Тұрмағамбет