Непалда ұшақ апатынан 18 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалда ұшақ апатынан 18 адам қаза тапты

24.07.2024

Непалда шағын жолаушылар ұшағы құлады. Соңғы мәліметке қарағанда, бір пилот қана тірі қалып, ауруханаға жөнелтілген. Қалған 18 адамның барлығы қаза тапты. Мұны осы елдің Азаматтық авиация басқармасы хабарлады. Оның дерегінше, әуе көлігі ел астанасы Катмандудың Трибхуван халықаралық әуежайынан көкке көтерілгеннен кейін бес минуттан соң құлап, отқа оранған. Ұшақ Похара туристік ауданына бет алған. Қайғылы оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу