Астана әуежайында кейбір әуе рейстері кешігіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әуежайында кейбір әуе рейстері кешігіп жатыр

15.07.2024

Астана әуежайында кейбір әуе рейстері кешігіп жатыр. Соның кесірінен, жүздеген жолаушы таңнан бері діттеген жеріне жете алмай біраз әбігерге түсті. Уақытылы ұшпай, жолдан қалғандардың арасында Сенат депутаты Геннадий Шиповских те бар. Ол Qazaq air әуе компаниясының немқұрайлығына шағымданды. Кәсіпорын таңғы 6-ға жоспарланған рейс уақытын қайта-қайта өзгерткен, - дейді депутат.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:

Өздеріңіз байқап тұрғандарыңыздай, адам өте көп. Лық толы аэропорттың асты. Я, бізге компанияның өкілі келіп, толық мән-жайды түсіндірмейді. Менің қасымда отырған азаматтар бар. Біз Ақтөбеге таңғы сағат 8 жарымда жетіп, түстен кейін 3-те қайтадан ұшуымыз керек тұғын. Кісілердің айтуы бойынша. Яғни, қаншама азаматтардың жұмыстары қалды жайында.

Мән-жайды анықтау үшін Qazaq air әуе компаниясына хабарластық. Кәсіпорын әкімшілігі Астана-Ақтөбе бағытындағы рейстің техникалық себептерге байланысты кешіктірілгенін айтады. Соңғы мәлімет бойынша депутат Геннадий Шиповских мінген ұшақ 1 жарым сағат бұрын ұшып кетті.


Хабарламаларға жазылу