Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

15.03.2024

Алматыға қар түсіп, әуежайында әуе рейстері кешігіп жатыр. Соның кесірінен жүздеген жолаушы діттеген жеріне жете алмай отыр. Қазір ұшатын 17 рейс кешіктірілсе, қонатын 33 ұшақтың уақыты кейінге шегерілген. Әуе айлағының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кедергісіз жұмыс істеу үшін барлық ауысымдағы құрам шақыртылып, арнайы техника жұмылдырылған. Әуежай ішінде 15 сағат отырған жолаушылар да бар. Оларға сусын таратылып, ыстық тамақ берілген.

Әсел Сүлейменова, жолаушы:

Мен мына жерде 80 мыңға билет алдым. Ақшасы келген жоқ. Одан кейін «Эйр Астанаға» билет алдым 27 мыңға. Әлі ақшасы келген жоқ.

Жұлдыз Боранбаева, жолаушы:

Таңғы сағат 04:00-ден әлі жүрміз. Біздерге айтып жатыр. Кешегі ауа райына байланысты деді. Оған техникамыз жетпей жатыр деді. Самолеттар өте көп деді.

Әуежай тарапы қазіргі уақытта 15 рейс уақытынан кешігіп жатқанын растады. Оған кешегі ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Қар жауып, арты көктайғаққа ұласқан. Көктайғаққа қарсы жұмыстардың жүргізілген.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу