Боран салдарынан әуе рейстері кешігуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боран салдарынан әуе рейстері кешігуде

10.01.2023

Күн райының қолайсыздығы салдарынан ұшақ рейстері де кешігіп жатыр. Елорда әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір нысан штаттық тәртіпте жұмыс істеп тұр. Дегенмен ұшып келуі тиіс 13 рейс және Астанадан ұшатын 6 әуе кемесінің уақыты бірнеше сағатқа шегерілді. Әуежайдың ұшып-қону аймағында қардан тазалау жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Жолаушылар ұшып-қону жөніндегі ақпаратты әуе компанияларының колл орталығы мен әуежайға хабарласып біле алады.  

Хабарламаларға жазылу