Әлемнің кейбір елдері тасқындардан, аптап ыстықтан зардап шегіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің кейбір елдері тасқындардан, аптап ыстықтан зардап шегіп отыр

13.07.2024

Табиғи апаттан қатты зардап шеккен елдің бірі – Қытай. Бұл мемлекеттің солтүстік батысындағы Чунцинде жауын соңы алапат тасқынға ұласты. Сан мың адамды эвакауациялауға тура келген. Аньхой, Хэбэй провинцияларында да осыған ұқсас жағдай. Кейбір аудандарда лай көшті. Құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Азияның оңтүстігіне ойыссақ, Непалда маусымның ортасынан бері құйған жауыннан 100-ге жуық адам қаза тапты. Сонымен қатар, мұнда да лай көшкен. Соның салдарынан жұма күні екі автобус өзенге құлап, 62 адам жоғалып кетті. Қазір олар іздестіріліп жатыр.

Үндістан елінің солтүстігі мен солтүстік-шығысында су апаты жалғасып жатыр. Әсіресе, Ассам штатындағы жағдай қиын. Онда тоғыз өзен тасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, жеті тұрғын жан тәсілім

Азияның теріскейінде де тасқын. Оңтүстік Кореяда жолдар бұзылып, үйлерді су басып, кемінде 4 адам қаза тапты. Сонымен қатар, 3 жарым мыңдай тұрғынды көшірілген.

Ал Италияда аптап ыстық. Елдің денсаулық сақтау министрлігі қызыл түсті дабыл жариялап, халыққа сақ болуды ескертті. Себебі жеті қалада алдағы он күнде ауаның температурасы 43 градусқа дейін ысымақ. Сардиния мен Сицилия аралдарында да күн осынша қызуы ықтимал.

Чилиде қыс. Сондықтан бұл оңтүстікамерикалық мемлекеттің астанасы Сантьягода үйсіздерге қиын болып тұр. Олар бой жылыту үшін көшеде күнде от жағуға мәжбүр.


Хабарламаларға жазылу