Басты Жаңалықтар Жетісу облысында жасанды есірткі өндіргендер сотталды

Жетісу облысында жасанды есірткі өндіргендер сотталды

Жетісу облысы Ескелді ауданында жасырын жерасты зертханасы анықталды. Онда шетелдік екі азамат пен Астана тұрғыны синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан. Тінту кезінде алты келіден астам «мефедрон» және оны өндіруге арналған химиялық заттар табылған. Қазіргі таңда күдіктілер ұсталып, сот үкімімен 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жанар Халықова, Жетісу облысы ПД ресми өкілі:

Куратордың нұсқауы бойынша әрекет ететін екі шетел азаматы заңсыз өндірісті ұйымдастыру үшін Қазақстанға келген. Тінту барысында тыйым салынған заттар, алты келіден асатын «мефедрон» синтетикалық есірткісі және оларды дайындауға арналған жабдықтар, сондай-ақ оларды өндіруге арналған 200 литрлік прекусорлар қалдығы табылды.


Бөлісу