Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аяқталды

27.06.2024

Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Плей-оффқа шыққан 16 команда белгілі. Іріктеуден іркілмей өткен құрамалардың келесі сатыдағы алғашқы матчы сенбі, яғни маусымның 29-на белгіленген. Алдымен, Швецария мен Италия командалары кездеседі. Бұл ойынды QAZSPORT арнасы, біздің уақытпен, 20:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Ал Германия мен Дания арасындағы матч/ 29 маусым күні 23:50-де басталады. Дортмундтағы "Сигнал Идуна Парк" стадионында өтетін кездесуді Ұлттық арнадан және QAZSPORT-тан көре аласыз.


Хабарламаларға жазылу