В және С тобынан 1/8 финалға шыққан құрамалар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

В және С тобынан 1/8 финалға шыққан құрамалар анықталды

22.06.2021

Тартысқа толы Еуропа чемпионатының кезекті төрт матчы кеше өтті. Финалдық сатының топтық кезеңінде В және С тобынан 1/8 финалға шыққан құрамалар анықталды. Даниядан 4:1 есебімен ойсырай ұтылған Ресей еліне қайтты. Ал, қарсыласы плей-оффқа жолдама алды. Украина мен Австрия арасындағы матчта Австрия құрамасы жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал, Финляндия мен Бельгия құрамаларының ойыны 0:2 есебімен аяқталды. Амстердамда өткен ойында Нидерланд құрамасы солтүстік Македонияны 3:0 есебімен жеңіп, қазір өз тобында бірінші орында тұр..

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу