«Астана» сырт алаңда «Олимпиакосқа» ұтылды - 4:1 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» сырт алаңда «Олимпиакосқа» ұтылды - 4:1

21.10.2016
«Астана» сырт алаңда «Олимпиакосқа» ұтылды - 4:1

Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында өткен сырт алаңдағы кездесуде «Астана» футболшылары грекиялық «Олимпиакосқа» есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«E» тобындағы үшінші кездесуі 21 қазан күні түнде Пирей қаласындағы «Георгиос Караискакис» стадионында өтіп, 4:1 есебімен алаң иелері пайдасына аяқталды.

Келесі кезеңде 3 қараша күні «Астана» өз алаңында  «Олимпиакоспен» ойнаса, ал  АПОЭЛ  «Янг Бойзпен» кездеседі.

Голдар: Фигейраш 25 (1:0), Эльюнусси 33 (2:0), Себа 34 (3:0), Кабананга 54 (3:1), Себа 65 (4:1)

Хабарламаларға жазылу