EURO 2020: 1/8 финалға шыққан құрамалар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO 2020: 1/8 финалға шыққан құрамалар анықталды

24.06.2021

Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, плей-офф ойындарына шыққан құрамалар анықталды.

Е тобындағы матчта Словакия Испания құрамасынан 5:0 есебімен ойсырай ұтылды. Енді Испания мен Хорватия 28 маусымда Копенгагенде кездеседі. Швеция құрамасы Санкт-Петербургтегі тартысты кездесуде Польшадан 3:2 есебімен басым түсті. 81-секундта есеп ашқан Эмиль Форсберг Еуропа біріншілігінде ең жылдам соғылған екінші голдың авторы. 93-минутта Виктор Классонның қарсылас қақпасына соққан голы Швецияға жеңіс сыйлады.

Португалия мен Франция арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталды. Енді қос құрама плей-оффқа жолдама алды. Венгрия мен Германия да 2:2 есебімен тең түсті.

Сонымен енді жарыстың 1/8 финалында Уэльс пен Дания, Италия мен Австрия, Нидерланды пен Чехия, Бельгия мен Португалия, Хорватия мен Испания, Франция - Швейцария, Англия - Германия, Швеция - Украина құрамалары кездеседі.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу