Меккедегі қажылық кезінде 1300-ден астам адам қаза тапты
Сауд Арабиясының Мекке қаласында қажылық кезінде қаза тапқандар саны 1300-ден асты. Марқұм болғандардың 658-і – мысырлық, 200-ден астамы – индонезиялық, 100-ге жуығы – үндістандық. Сонымен бірге олардың арасында Пәкістан, Иордания, Иран, Сенегал, Судан және Ирак азаматтары бар. Ақпаратты Сауд Арабиясының билігі жариялады. Марқұмдардың қазасына аптап ыстық себеп болған.
Елде 52 градусқа дейін ыстық. Қайтыс болғандардың көбінде қажылыққа қатысуға рұқсат құжаттары болмаған. Яғни, заңсыз барғандықтан олардың медициналық көмек алуға мүмкіндігі де шектелген.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29