Қарағандыда қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан Қайрат Жұмабековты жерлестері еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан Қайрат Жұмабековты жерлестері еске алды

20.06.2024

Қарағандыда қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан Қайрат Жұмабековты жерлестері еске алды. Осыдан 17 жыл бұрын 130 оқушыны ажалдан арашалап, өзі жан тапсырған полиция қызметкерінің ерлігі ел есінде.

Жол апатынан аман қалған жастардың көбі еске алу кешіне келіп, даңты полицейдің рухына тік тұрып құрмет көрсетті. Сол кезде олар небәрі 10-11 жастағы жеткіншектер болатын. Бүгінде барлығы ер жеткен, арасында отбасы құрғандары да бар. Осы кешті ұйымдастыруға түрткі болып, марқұмның отбасына өз алғыстарын білдірді. Қайрат Жұмабековтың артында 2 баласы қалды. Тұңғыш ұлы әке жолын жалғады, бүгінде полиция сапында қызмет етеді.

Ғалым Қайратұлы, Қ.Жұмабековтың ұлы:

Әкемнің ерлігі туралы айта кетсек, ер азамтқа сай іс істеді. Кішкентай кезімнен тастап полиция қызметкері болуды армандадым. Мақсат қойдым, қазіргі таңда мақсатым орындалды. Батырдың ұлы екенімді мақтан етемін. Менің ойымша әр бір азаматтың қолынан келе бермейді.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу