Бүгін - Қазақстан полициясы күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қазақстан полициясы күні

23.06.2014
Бүгін - Қазақстан полициясы күні
23 маусым – Қазақстан полициясы күні! Осыған орай, бүгін Астананың барлық құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Әуелі, қала тұрғындары қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлерге тағзым етті.
 
Олар бүгінгі күннің батырларына арналған монумент алаңына жиналып, ерлік жасаған ерлердің ісін бір минут үнсіздікпен еске алды. Соңынан, Ішкі істер министрі бастаған полицейлер тобы ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, Ішкі істер министрі  оқу орындарын бітіруші бір топ студентке лейтенанттық погондар табыстады.
 
Іңкәрбек Малаев, ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының түлегі:
Қуаныштымын, министрдің өз қолынан осындай құрмет пен құттықтау, шен алып жатқанымызға. Мен де қаза тапсам, осындай қызмет жолында қаза тапқым келеді. Ол әркімге абырой, үлкен ерлік.
 
Маңызды мереке Қазақ елі монументінің алаңында жалғасты. Мұнда Ішкі істер департаментінің патрульдік және жол полициясы қызметкерлеріне 40-қа жуық көліктің кілті табысталды. Айта кетейік, елімізде Полиция күні биыл жетінші рет тойланып отыр. 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу