Ерлікпен қаза тапқандар еске алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлікпен қаза тапқандар еске алынды

22.06.2018

Қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның қызметкерлері еске алынды. Полицейлер күні қарсаңында Астанадағы монументке гүл шоқтары қойылып, олардың ерліктері аталып өтті. Шараға Ішкі істер министрі, полиция қызметінің ардагерлері мен қатарға енді қосылған түлектер қатысты. Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін, марқұмдардың рухына арнап бір минуттық үнсіздік жарияланды. Шара барысында ішкі істер оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектерге лейтенант погондарын табыстау рәсімі өтті.

Сондай-ақ, министрдің мерекелік бұйрығымен орталық апараттың және аумақтық бөлімшелердің 854 қызметкері жұмыстарын адал атқарғаны үшін марапатталды. 

Балауса Сәбдебекова, ІІМ оқу орнының түлегі:

- Өзімнің осы полиция қызметін таңдағаныма еш өкінбеймін және де мақтан тұтамын. Болашақта Қазақстан Республикасының халқына өз қызметімізді көрсетіп, зор үлесімді қосқым келеді. 

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу