Әбдірахман Четиннің «Өмір жолымдағы соңғы көш» кітабы арнайы жүлдеге ие болды
Алтайдан Түркияға қоныс аударған қазақ ақсақалы Әбдірахман Четиннің «Өмір жолымдағы соңғы көш» кітабы Түркия жазушылар академиясының арнайы жүлдесіне ие болды. Тарихи шығарма «ЙАЗАК» жазушылар ұйымының байқауында биографиялық роман аталымы бойынша үздік деп танылды. Кітап түрік тіліне былтыр аударылған болатын. Романда өткен ғасырдың ортасында Қытай коммунистерінің зорлығына шыдамай Гималай арқылы Үндістанға, одан әрі қарай Түркияға көшкен қазақ халқының қилы тағдыры баяндалады. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін бұл беделді байқауға Түркияның әр түкпірінен ақындар мен жазушылар қатысады.
Әбдірахман Четин, кітап авторы:
Бәрі ақылдасып мені осы сыйлыққа лайық көріп бүгін шақырып жүлде беріп отыр. Бұл кітапқа өткен жылы Кельнде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы «Достық» орденін жіберді. Мынау екінші сыйлық.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Astana Think Tank» халықаралық форумы басталды
15.10.2025, 13:19

Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
15.10.2025, 13:16
Венесуэлада алтын шахтасында 14 адам қаза тапты
15.10.2025, 13:14
Семей қаласының жаңа әкімі таныстырылды
15.10.2025, 13:12
Жетісу облысын ауызсумен қамтуға 480 млн теңге бөлінді
15.10.2025, 13:10
АҚШ-та шатдаун кезінде 4 мыңнан аса мемқызметкер қысқартылды
15.10.2025, 13:08
Түркітілдес азаматтар Түркияда жеңілдік алды
15.10.2025, 13:06
Қазақстан тарабы америкалық инвесторлармен кездесті
15.10.2025, 13:04