Астаналық балақайларға бүгін «Болашақ энергиясы» мұражайына кіру тегін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық балақайларға бүгін «Болашақ энергиясы» мұражайына кіру тегін

01.06.2024

Астаналық балақайларға бүгін «Болашақ энергиясы» мұражайына кіру тегін. Сондай-ақ QazExpoCongress ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен кешен аумағында жаңа роллердром ашылды.

Қаракөз Тұрмағанбет, Тілші:

Бүгіннен бастап жазғы демалысқа шыққан балалар ЭКСПО аумағындағы жап-жаңа роллердромда көңіл көтеруіне болады. Ал бүгін 14 жасқа дейінгі балалар роликті тегін тебе алады.

Басқа күндері роллердромда арнайы аяқ киімді жалға алу құны - 2000 теңге. Ал егер өз ролигіңізді қолтықтап келсеңіз, алаңқайда тебу тегін. Роллердром жаз бойы жұмыс істейді. Дүйсенбі-бейсенбі күндері түскі 2-ден түнгі 11-ге дейін, ал жұма-жексенбі күндері таңғы 10-нан түнгі 11-ге дейін ашық.

Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай, QazExpoCongress ұлттық компаниясы сонымен қатар "Болашақ энергиясы" мұражайында концерт ұйымдастырды.

Гүлжан Сергебаева, «Qazexpocongress» ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы:

Концертте хореографиялық ансамбльдер жас өнерпаздар өнерлерін көрсетеді. Сондай-ақ мұражай бүгін16 жасқа дейінгі балаларды тегін қабылдайды.

Қаракөз Тұрмағанбет, Тілші:

Жасыл технологиялармен қоса, виртуалды шындық әлеміне саяхаттауға болатын мұражай бүгін кешкі тоғызға дейін жұмыс істейді.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу