Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елордаға еліміздің барлық өңірінен айрықша жетістіктерімен көзге түскен балалар жиналды. Олардың ішінде жанқиярлық ерлік жасап, адамды өлімнен құтқарған жеткіншектер де бар. Әрқайсысы жоғары бағаланып, Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, кездесуде балалармен ашық диалог форматында отбасы мен мектептегі жетістіктері, қызығушылықтары мен армандары туралы сөз болды.
Сақтаған Нұрислам, оқушы:
Стартаптар мен ғылыми жұмыстардың жеңімпазымын. ҚР халықаралық аренадағы өзге көшбасшы елдермен терезесі тең дәрежеде араласуына өз үлесін қосып жүрген елші, дипломат ретінде елестетемін.
Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
Осы балаларды жалпы құрмет көрсету және үлгі ету басқа балаларға. Жазғы демалыстарға арналған арнайы челленджімізді осы жерде бастап отырмыз. «Жазда кітап оқиық!» деген челлендж.
Ақмаржан Ғафизқызы