Түркиядан оралған құтқарушылар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядан оралған құтқарушылар марапатталды

24.02.2023

Бүгін бірқатар құтқарушылар Мемлекет басшысының жарлығымен марапатталды. Түркия мен Сирияда болған зілзаланың салдарымен күрескен олар өмірін қауіпке тігіп, жанқиярлық танытты. Сондықтан, төтенше жағдайда көрсеткен ерен ерлігі үшін 5 адам ІI дәрежелі «Айбын», «Құрмет» ордендеріне лайық деп танылған. «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлік үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдары мен «Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын» 12 құтқарушы иеленді.

Бұдан өзге тағы 112 адамға, оның ішінде төтенше жағдай қызметкерлері, медицина мамандары, кинологтар мен авиация мамандарына Президенттің Алғысы беріледі.

Азамат Жаркешов

Хабарламаларға жазылу