Президент әскери қызметкерлерге мемлекеттік наградалар табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент әскери қызметкерлерге мемлекеттік наградалар табыстады

05.05.2023

Отан қорғаушылар күніне орай бірқатар әскери қызметкерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Президент жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы және Жеңіс күнімен құттықтады. Қос мереке Отан үшін от кешкен аға буын мен егемен елдің сарбаздары арасындағы сабақтастықты білдіретініне назар аударды. Жиын барысында ел қауіпсіздігін қорғау жолында ерен қызмет етіп жүргендерге «Даңқ», «Айбын, «Құрмет» ордендері және «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары табысталды. Президент ел тыныштығын, мемлекет қауіпсіздігін қорғауға атсалысып жүрген барша азаматқа алғыс айтты.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу