«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды

12.12.2019

Бүгін «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттар марапатталды. Туған жерін түлеткен, өскен өлкесін дамытуға үлес қосқан кәсіпкерлер, еріктілер, қоғамдық ұйымдар «Жыл меценаты», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке», «Ерен ерлігі», «Үздік ұйым» номинациялары бойынша сый-сияпатқа ие болды. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысып жүрген белсенді үкіметтік емес ұйымдарға арнайы сыйақы табысталды. Бұл азаматтық қоғам институттарының жұмысын жетілдіруге, маңызды жобаларды жүзеге асыруға үлкен қолдау. Байқауға 120 өтінім түскен, соның арасынан бірнеше бағыт бойынша үздіктер анықталды.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу