Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны болған өңірлердегі ахуал туралы мәлімет жариялады. Республика бойынша эвакуацияланған 61 348 адам өз үйлеріне оралды. 5 460 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 11 319 жеке тұрғын үй мен 3 593 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, 22,4 млн артық еріген қар суы сорылды. 7,9 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.
Аида Ахметбек