Су тасқыны: 43 мыңнан астам адам үйлеріне оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: 43 мыңнан астам адам үйлеріне оралды

02.05.2024

Су тасқыны кезінде қауіпсіз жерге көшірілген 43 мыңнан астам адам үйлеріне оралды. Қазір эвакуациялық пункттерде 6 жарым мыңдай адам бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп айтты. Ал қауіп бар аймақтарда авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыс жалғасып жатыр. Оған 14 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақты. Қазір су деңгейі - 8 метр 13 сантиметр. Елдімекендерге қауіп жоқ, - деді аймақтың Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны аяқталды. Дегенмен, жағдай бақылауда. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жазира Қожахметова Сергеев су қоймасы 125 пайызға толғанын айтты. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп болуына байланысты Бұқтырма және Кіші Үлбі өзендерінде су деңгейі көтерілген. Мамандар аэровизуальды шолу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу