Су тасқыны: Жедел желі телефонына 2 132 қоңырау түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: Жедел желі телефонына 2 132 қоңырау түскен

22.04.2024

Өткен тәулікте Орал қаласының «Стеновик» бау-бақша қоғамынан 4 адам құтқарылып, 61 адам эвакуацияланды. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, қалған тұрғындар бұған дейін алдын ала эвакуацияланған болатын. 1497 адам уақытша орналастыру пунктерінде, қалған тұрғындар туыстарының үйлеріне орналастырылды. 23 мыңнан аса адам өз үйлеріне оралды. 9 мыңға жуық адам эвакуациялау пунктеріне орналастырылды. Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысында 6 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен 1 000-нан аса аула аумағынан судың бағытын бұру және су сору жұмыстары жалғасуда. Жедел желі телефонына 2 132 қоңырау түскен.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу