Су тасқыны: Павлодар облысында 125 отбасы бір реттік әлеуметтік көмек алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: Павлодар облысында 125 отбасы бір реттік әлеуметтік көмек алды

08.05.2024

Павлодар облысында тасқын судан зиян шеккен 125 отбасы бір реттік әлеуметтік көмек алды. Қазір Жалаулы ауылында бірнеше үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мердігер баспананы шілде айында тапсыруды жоспарлап отыр. Тасқын судан елдімекенде 14 үйге су кіріп, бесеуі тұруға жарамсыз болып қалған. Баспана ерекше жобамен салынады, яғни, қаладағыдай тұрмысқа жайлы, ыстық, суық суы бар, кәріз жүйесіне дейін орнатылады, - дейді мамандар.

 Жалаулы ауылының тұрғыны:
Адам қатты қысылған кезде алдымен тірек іздейді. Біздің тірегіміз мемлекетіміз болды. Ауылымызды су басқанға 1 ай болған. Бір айдың ішінде жаңа баспана көтеріп жатыр. Қиын кезде тамағымызға дейін киім кешегімізді де осында әкеліп берді. Далада қалдырып жатқан жоқ. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу