Елімізде әлеуметтік көмек алатындардың қатары толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әлеуметтік көмек алатындардың қатары толықты

21.04.2020

Үкімет төтенше жағдай кезінде тұрмысы төмен отбасыларды азық-түлік, керек- жарақпен қамту үшін арнайы заң жобасын қабылдағаны белгілі. Осыған орай, елімізде әлеуметтік көмек алатындардың қатары толықты. Олардың көбі Түркістан мен Алматы облысында.

Түркістан облысында  111 мыңнан астам адамға көмек тиді. Ал Алматы облысында олардың саны 83 мыңнан асады.

Бұрынғы кездегідей мұндай көмек еш уақытта болмаған. Ал Түркістан өңірінде 20 мыңға жуық отбасы 2,3 миллиард теңге көлемінде АӘК алған. 25 125 балаға әлеуметтік азық-түлік қоржыны берілген. Оған қазынадан 319, 2 миллион теңге жұмсалған.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу