Майдангерлерге 1,5 млн теңге қаржылай көмек беріледі
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері 1 жарым миллион теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек алады. Майдангерлермен бірге Жеңіске үлес қосқандарға да жергілікті атқарушы органдар есебінен 3 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі таңда еліміз бойынша 148 ардагер тұрады. Сондай-ақ Жеңіске жетуге үлес қосқан 50 мыңнан астам қарияның көзі тірі. Оларға да жергілікті атқарушы органдар тарапынан әртүрлі мөлшерде бірреттік материалдық көмек көрсетіледі. Жалпы, бюджетпен қоса демеушілік қаражат есебінен әлеуметтік жәрдем де көзделеді. Оның ішінде баспанасына жөндеу жұмыстарын жасау, отын, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты көмек бар. Қоғамдық көлікте жол жүруге жеңілдік жасау, тіс протездеу және азық-түлік топтамасын сатып алу сияқты істер де атқарылады.
Қаракөз Тұрмағамбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сурдлимпиада ойындарының басталуына 1 ай қалды
20.10.2025, 17:36

«Капитан Байтасов» фильмі прокатқа шығады
20.10.2025, 17:32
Астанада Әкім Тарази тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
20.10.2025, 17:30
Астана оқушылары қайта өңделетін материалдардан бұйым жасады
20.10.2025, 17:25
Қызылорданың тұңғыш астана атанғанына бір ғасыр болды
20.10.2025, 17:22
Республика күні – ел еңсесін көтеретін мереке
20.10.2025, 17:20
Қарағанды облысында мемтапсырыспен салынған үйлер сапасыз болып шықты
20.10.2025, 17:17
ШҚО-да биыл 425 рет жәрмеңке ұйымдастырылған
20.10.2025, 17:15