Су тасқыны: 50 мыңнан астам волонтер жұмылдырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: 50 мыңнан астам волонтер жұмылдырылды

30.04.2024

Су тасқынына қарсы іс-шараларға 50 мыңнан астам волонтер жұмылдырылды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сәйкес, еріктілер шамамен 10 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады. Оның 6,5 мың тоннаға жуығы тасқынынан ерекше зардап шеккен аймақтарға жеткізілді және таратылды. Волонтерлер тұрғындарды эвакуациялауға атсалысып, құтқарылған адамдарға алғашқы медициналық, психологиялық көмек көрсетеді. Гуманитарлық көмекті жинап, сұрыптап, жан-жаққа жөнелтеді. Арық қазып, бөгеттерді күшейтеді. Қажет болған жағдайда құтқару және әскери құрылым қызметкерлеріне ыстық тамақ ұйымдастырады.

Торғын Мелісқызы


Хабарламаларға жазылу