Су тасқыны: 25 мың волонтер жұмылдырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: 25 мың волонтер жұмылдырылды

08.04.2024

Су тасқыны болған аймақтарға 25 мың волонтер жұмылдырылды. Оқиға орнында еріктілер халыққа қажетті көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, олар 550 тонна гуманитарлық көмек жинаған. Оның 400 тоннаға жуығы тасқыннан зардап шеккен өңірлерге жөнелтілді. Қазір елімізде 20 волонтерлік штаб жұмыс істеп тұр. Қосымша ақпаратты олардың WhatsApp және Telegram желісінен алуға болады. Телефон номері экранда көрсетілген.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу