Су басқан өңірлерде 20 мыңнан астам волонтер жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су басқан өңірлерде 20 мыңнан астам волонтер жұмыс істеп жатыр

05.04.2024

Су басқан өңірлерде 20 мыңнан астам волонтер жұмыс істеп жүр. Бұл туралы «Ұлттық волонтерлік желі» Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаментінің басшысы мәлімдеді. 20 аймақтың әрқайсысында өңірлік волонтерлер фронт-кеңсесі базасында Call-center іске қосылған.

Айбек Досымбетов, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ департамент басшысы:

Барлық республика бойынша 20 мыңнан астам волонтер көмек көрсетіп жатыр. Қазіргі таңда республика бойынша 350 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Оның 280 мың тонна гуманитарлық көмек қажетті жергілікті елдімекендерге жіберілді. Қалғаны енді жіберіледі. Жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу