Қызыл сумен күреске 25 мыңнан астам адам жұмылдырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызыл сумен күреске 25 мыңнан астам адам жұмылдырылды

10.04.2024

Су тасқыны басталғалы бері елімізде 100 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Оның 37 мыңнан астамы бала. Төтенже жағдайлар министрлігі, азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш осылай деді. Қазіргі уақытта 7600 адам уақытша эвакцациялау пунктінде жатыр. Қызыл сумен күреске 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника және 15 әуе кемесі жұмылдырылған. Зардап шеккен өңірлерге гумманитарлық көмек те тұрақты жеткізіліп жатыр.

Ерасыл Сайпаш, ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері:

Қостанай, Атырау, БҚО, Ақтөбе облыстарына автокөлікпен 893 500 кг гумманитарлық көмек көрсетілді. Сондай-ақ әуе кемелері мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Қарағанды және Абай облыстарына 177 мың кг гумманитарлық көмек жеткізілді.

Хабарламаларға жазылу