«Наурыз» бағдарламасына 3 мыңнан аса өтінім түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наурыз» бағдарламасына 3 мыңнан аса өтінім түскен

26.04.2024

Кеше ғана басталған «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына 3347 азамат өтінім беріп үлгерген. Олардың 1124-і мақұлданған. Платформа сағатына орта есеппен 400 өтінімді қабылдапты. Бұл туралы «Отбасы банктің» баспасөз қызметі хабарлап отыр. Ал өтініштері кері қайтарылған азаматтардың жекеменшік пәтерлері болған. Немесе депозиттегі қаржысы жетпеген. Ресми ақпаратқа сай, «Наурыз» бағдарламасына қатысуға ниет білдіргендердің дені 24 пен 35 жас аралығындағы жастар. Ал Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары пәтер алуға таңдалған үздік қалалар бестігіне кіріп отыр.  

Аида Ахметбек 

Хабарламаларға жазылу