«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

25.04.2024

«Отбасы банкі» бүгін «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасына өтінімдер қабылдауды бастады. (КЕСТЕ) Несиенің пайыздық мөлшерлемесі аз қамтылған отбасылар үшін 7, өзгелер үшін 9. Бастапқы жарна үй құнының 20 процентінен кем болмауы тиіс. Қарыз 19 жылға беріледі. Қатысушы соңғы 5 жылда тұрғын үйге байланысты операциялар жасамауы керек. Несиенің максималды сомасы Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн, ал өзге өңірлер үшін 30 млн теңге. Өтінімдерді қабылдау 30 маусымға дейін жалғасады. 

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу