Елімізде 12 мыңнан аса отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 12 мыңнан аса отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды

26.04.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, елімізде алапат тасқыннан зардап шеккендерге залал орнын толтыру бойынша жұмыстар жалғасып келеді. Бүгінде өңірлік комиссияларға 21 мыңнан астам өтінім қалдырған. 12 мыңнан аса отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 369 мың 200 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды.

Мал шығыны бойынша өтемақы көлемі 211 млн 500 мың теңгеге жеткен. Тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі 3 мың 800-ден аса тұрғын үй тексеріліп, оның 2 мыңнан астамында бағалау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 468 үйді жөндеу үшін 645 млн теңгеден аса қаражат бөлінді. Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 49 отбасына қираған баспаналарының орнына жаңасы берілді.


Хабарламаларға жазылу