Елімізде несие алуға өтініш берушілер көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде несие алуға өтініш берушілер көбейді

23.11.2023

Елімізде несие алуға өтініш берушілер көбейді. Соңғы үш айдың өзінде тұтынушылық кредит бойынша 19 млн 100 мыңнан астам өтінім түскен. Бұл – рекордты көрсеткіш. Демек, жұмыс істеуге қабілетті әрбір қазақстандық әр тоқсан сайын кемінде екі рет банктен қарыз сұрайды деген сөз. Ал былтыр осы уақытта банктерге 12 млн өтініш түскен. Яғни, биыл 63 пайызға өсті. Автонесиеге жүгінушілер де көбейді. Үш айда 797 мың адам қарыз алуға ниет білдірген. Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Өтінім саны көбейгенімен, банк қарыз беруді жылдан-жылға азайтып жатыр. Бүгінде берешек сұраған 10 адамның 3-інің ғана өтінімі мақұлданады.


Хабарламаларға жазылу