Январцево гидробекетінде Жайықтың су деңгейі бір тәулікте 6 сантиметрге төмендеді. «Қазгидромет» мамандары осылай деп отыр. Десе де, Орал тұсында жайылған судан қауіп бар. Оның үстіне Шаған өзені де толып-тасып жатыр. Сондықтан тұрғындарды эвакуациялау жалғасады. Қазір эвакуациялық пунттерге ораналасқан отбасыларға уақытша баспана беру мәселесі өзекті болып тұр. Осы Оралдың екінші шетінде жүрген әріптесім Нұрсұлтан Тілектес қазір бізге қосылып, жағдайды баяндауға дайын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Мен тұрған жер Комитерн ауданы деп аталады. Бұл жерге Жайықтың суы жайылған. Мұнда эвакуациялық жұмыстар жалғасып жатыр. Эвакуацияланғандар негізінен мектептердегі эвакуапунктерде. Оралда қалалық және облыстық 60-тан астам мектеп бар. Оның басым бөлігі бүгінде эвакуациялық пункттерге айналған. Тиісінше, қаладағы 62 мыңнан астам бала қашықтан білім алып жатыр. Эвакуацилияқ орталықтар жеткілікті. Бірақ, отбасылы, балалы тұрғындар уақытша баспана сұрап отыр. Оларды уақытша колледждердің жатақханаларына орналастырып жатыр. Қала әкімінің орынбасарынан сұхбат жазған едік. Режиссерлар экранға берсе.
Әрсен Ғұбашев, Орал қаласы әкімінің орынбасары:
Бізде 8 оқу орнының жатақханасы босады. Бір күнде 1000 отбасыны жайлы жағдай жасау мақсатында жатақханаларға орналастырдық. Ол жерде екі адамнан 5 адамға дейін тұрып жатыр. Одан бөлек жатақханаға жата алмай қалған азаматтар бар. Ол Деркөл кентіндегі спорт ғимаратта жатқан адамдар мен Айти ғимаратта жатқан адамдар. Солардың тізімі жасақталып, Орал қаласындағы кәсіпкерлерге, мецененаттарға таратып бердік.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ендігі үміт кәсіпкерлер мен меценаттардан. Сондай-ақ 100 АЕК көлемінде бірреттік көмек әлі алмадық деп шағымданғандар бар. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, бүгінге дейін жәрдемақы алуға 5000-нан астам өтініш түскен. Күніне 200-300 отбасының өтініші қабылдап жатқанын жеткізді. Көмек бәріне бірдей беріледі деп отыр атқарушы орган өкілдері. Режиссерлер экранға жедел желінің нөмірін шығарса, (24-05-70, 24-01-94) Осы нөмірдлер арқылы да өтінім қабылдау жүріп жатыр. Тағы айта кететін жайт, осындай қиын қыстау кезеңді пайдаланып азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының қымбаттап кетпеу үшін мониторинг шаралар басталды. Сондай-ақ ертеңнен мектептер офлайн білім беру жүйесіне көшеді деген ақпарат алдық.
Нұрсұлтан Тілектес