Үкімет басшысы Олжас Бектенов Astana Hub стартап-жобаларымен танысып, дарынды жастарды қолдау шараларын күшейтуді тапсырды. Мұнда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Tech Orda бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Оның мақсаты – 2025 жылға қарай 20 мың IT маманын даярлап шығару. Сондай-ақ Үкімет басшысы ALEM ІТ-бағдарламалау мектебіне барды. Одан бөлек Astana Hub қатысушыларымен және ғылыми қызметкерлермен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы бірқатар отандық әзірлемелермен танысты. Бұл жерде ғылыми жобаларды коммерцияландыруды арттыру және экономиканың нақты секторымен ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.