Ақтөбеде алғаш рет «Ел үміті» жастар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде алғаш рет «Ел үміті» жастар форумы өтті

04.11.2019

Ақтөбеде алғаш рет талантты, іскер жастарды қолдауға арналған «Тұңғыш Президент – Елбасы» Қорының марафоны өтті. «Ел үміті» форумына Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарынан өз ісінің білікті маманы атанып үлгерген 3 мыңға жуық белсенді жас қатысты. Қазір елімізде 100-ден астам мамандандырылған мектептер мен білім беру орталықтары жұмыс істеп тұр. Биыл мыңнан астам бала халықаралық конкурстар мен олимпиадаларда топ жарған. Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында 1000-нан астам дарынды бала іріктеледі, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Аталған форум алдағы жылдары Нұр-Сұлтан мен Алматыда ұйымдастырылуы ықтимал.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Қазіргі таңда Қазақстанда 30 мың дарынды бала бар. 100-ге жуық дарынды мектептер мен орталықтар жұмыс істейді. Осының нәтижесі деп білемісз, сіздер жақсы білесіздер, тек қана осы биылғы жылы Қазақстанның 1000-ға жуы жасы олимпиадаларда, байқауларда жеңімпаз атанды. Оның ішінде жүзге жуығы алтын медаль алды.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу