Ақмола облысына Шымкенттен және Жамбыл облысынан барған құтқарушылар үйлеріне оралды. Олар бір ай бойы күн-түн демей су басқан елдімекендерден тұрғындарды эвакуациялап, бөгеттер мен жағалауларды нығайтты. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 25 ауылдағы 2 мыңнан астам тұрғын үй судан аман қалды. Қазір өңірде жағдай тұрақты.