Шымкентте жауын салдарынан көшелер мен аулалар суға толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жауын салдарынан көшелер мен аулалар суға толды

17.04.2024

Шымкентте 2-3 сағат толассыз жауған нөсер жауыннан қала көшелері мен аулалар көлкіген су ортасында қалды. Сай саланы қуалай аққан су тіпті қаладағы супермаркет пен дәмханаларға дейін жайылған. Әлеуметтік желіде тараған бейнекөріністе тұрғындардың дүкен ішінде су кешіп жүргенін және дәмханадан сыртқа шыға алмай қалғанын көруге болады. Жаңбыр суы автокөліктердің қозғалысын қиындатып, көшеде кептеліс болды. Шаһардағы бірқатар жер үйдің ауласы да суға толып, тұрғындар суды соруға көмек шақырған.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу