Ғалымдар су тасқынына байланысты ортақ іске үлес қосуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар су тасқынына байланысты ортақ іске үлес қосуда

16.04.2024
Ғалымдар су тасқынына байланысты ортақ іске үлес қосуда

Ғалымдар су тасқынына қарсы өңірлердің қауіпсіздігін қамтассыз етуде күш біріктіріп, инфрақұрылымды сақтауда шешуші рөл атқарады. Атырауға барып жаға бекіту жұмыстарын көрген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық кеңестің отырысында су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай білікті мамандар мен ғалымдарға деген қажеттілікті айқын көрсетті деген болатын.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Математиктар, физиктер, географтар, гидротехниктар, гидрогеологтар, Алматыдан Сәтбаев, Әл-Фараби университетінен, Гидрогеология институты, мықты Жамбылдағы гидромилиоративті институттың ғалымдары қазір зуммен қосылып, бүкіл есептерді тексеріп, әкімдіктерге, қазгидрометке көмектесіп жатырмыз қолымыздан келгенше. Негізгі ғылымның үлесі сол.


Хабарламаларға жазылу